Бүгін 6 қалада ауа сапасы нашарлайды

21 Тамыз 2023, 08:40
1028
Бөлісу:
Бүгін 6 қалада ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК 21 тамыз күні Қазақстан қалаларында қалыптасатын ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Дүйсенбіде Ақтөбе, Алматы, Астана, Өскемен, Риддер және Атырау қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі.

Өзге қалаларда ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы