Бүгін 5 қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін

23 Тамыз 2023, 08:47
474
Бөлісу:
Бүгін 5 қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін
Фото: архив

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 23 тамыз күні Қазақстан қалаларында қалыптасатын ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сәрсенбі күні Ақтау, Алматы, Өскемен, Риддер, түнде Астанадада ауа ластануының қолайсыз жағдайлары күтіледі.

Өзге қалаларда метеорологиялық ахуал норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы