Бүгін 4 қалада жайсыз метеожағдай қалыптасады

11 Ақпан 2024, 06:11
1580
Бөлісу:
Бүгін 4 қалада жайсыз метеожағдай қалыптасады
Фото: архив

Бүгін еліміздің 4 қаласында қолайсыз метеожағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

11 ақпанда Ақтөбе, Астана, Ақтау, Алматы қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы