Бүгін 4 қалада ауа сапасы нашарлайды

25 Желтоқсан 2023, 06:35
619
Бөлісу:
Бүгін 4 қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: Архив BAQ.KZ

25 желтоқсан күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық ахуал сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазгидромет» РМК мәліметіне сүйенсек, дүйсенбіде ауа сапасы тек Алматы, Риддер, Өскемен және Семей қалаларында нашарлайды. Өзге шаһарларда метеоахуал норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

 

Өзгелердің жаңалығы