Бүгін 4 қалада ауа сапасы нашарлайды

30 Сәуір 2023, 08:38
701
Бөлісу:
Бүгін 4 қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай тұрақты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, 30 сәуір, жексенбіде республика қалаларының басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Тек Петропавл, Ақтөбе, Астана, түнде Көкшетау қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы