Бүгін 4 қалада ауа сапасы нашарлайды

12 Тамыз 2022, 07:52
880
Бөлісу:
Бүгін 4 қалада ауа сапасы нашарлайды

12 тамыз, жұма күні Қазақстанның көптеген қаласында қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, жұмада атмосфералық ауа сапасы Алматы, Ақтөбе, Петропавл және Атырау қалаларында нашарлайды. Өзге шаһарларда метеоахуал норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы