Бүгін 3 қалада ауа сапасы нашарлайды

23 Тамыз 2022, 07:42
3103
Бөлісу:
Бүгін 3 қалада ауа сапасы нашарлайды

23 тамыз күні Қазақстанның көптеген қалаларында қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, сейсенбіде атмосфералық ауа сапасы Нұр-Сұлтан, Алматы және Петропавл қалаларында қалаларында нашарлайды. Өзге шаһарларда метеоахуал норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы