Бүгін 3 қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін

11 Тамыз 2023, 08:15
378
Бөлісу:
Бүгін 3 қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін

«Қазгидромет» РМК синоптиктері республика қалаларындағы ауа сапасына болжам жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

11 тамызда Ақтөбе, Алматы қалаларында, түнде Атырау қаласында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы