Бүгін 3 қалада ауа ластануы мүмкін

3 Тамыз 2023, 08:18
603
Бөлісу:
Бүгін 3 қалада ауа ластануы мүмкін

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 3 тамызда республика қалаларында қалыптасатын ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бейсенбіде Алматы, Ақтөбе қалаларында, түнде Атырау қаласында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайы күтіледі.

Республиканың басқа қалаларында ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы