Бүгін 2 қалада ауа сапасы нашарлайды

2 Мамыр 2023, 08:07
559
Бөлісу:
Бүгін 2 қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай тұрақты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, 2 мамыр, сейсенбіде республика қалаларының басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Тек Астана мен Алматыда ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы