Бүгін 12 қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін

23 Ақпан 2024, 08:35
374
Бөлісу:
Бүгін 12 қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін
Фото: архив

23 ақпан күні ел аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тек Ақтөбе, Атырау, Алматы, Астана, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Риддер, Семей, Өскемен, күндіз Қарағанды, Теміртау қалаларында ғана ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы