Бүгін 10 қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін

6 Қазан 2023, 07:50
1361
Бөлісу:
Бүгін 10 қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін
Фото: архив

«Қазгидромет» РМК 6 қазан, жұма күні Қазақстан қалаларында қалыптасатын метеорологиялық ахуалға болжам жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атап айтқанда, жұма күні Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Атырау, Алматы, Астана қалаларында, түнде Ақтауда ауаның ластануының қолайсыз метеожағдайы күтіледі. Өзге шаһарларда ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы