Абай Құнанбайұлының 177 жылдығын мерекелеу аясында Қазақстан Республикасының Мажарстандағы елшілігі ұлы қазақ ақыны, ойшылын еске алып, 2014 жылғы Будапешт қаласының астаналық «Варошлигет» паркінің Астана көшесінің бойында орналасқан Абай мүсініне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Іс-шараға «Абай» орталығының басшысы Онгайша Мандоки мен «Барыс» қазақ-мажар қорының директоры Андраш Гал қатысты.
Іс-шара барысында ұлы ақынның өмірі, оның рухтандыратын дала мен таудың өлең жолдары, қазақ халқының дәстүрлері мен мәдениетінен ажырамастығы атап өтілді.
Мажарстан алғаш рет қазақ даласының ақынымен 1956 жылы танысқан, оның «Сабырсыз, арсыз еріншек» атты өлеңі әлемдік әдебиет антологиясының IV томында мажар тілінде Дьёрд Радо аудармасында жарық көрген.
Сол жылы Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» шығармасын мажар түркологы Иштван Коныр Мандокидің түсініктемесімен журналист, аудармашы Жужа Раб мажар тіліне аударған болатын.
1996 жылы мажар жазушысы Лайош Кёрменди қазақ ақындарының «Дала ұлдары» атты шығармалар жинағында Абайдың «Өлең - сөздің патшасы» атты өлеңін басып шығарды.
Абай еңбектерінің жариялануының арқасында мажар қауымы қазақ мәдениетінің ақындық және әдеби мұрасын тануда.