Бұдан кейін ән айтпаймын. Әнші Индира Расылхан күтпеген мәлімдеме жасады

30 Қыркүйек 2023, 01:26
1338
Бөлісу:
Бұдан кейін ән айтпаймын. Әнші Индира Расылхан күтпеген мәлімдеме жасады
Фото: instagram.com/indirarasylkhan

Әнші Индира Расылхан психологиямен айналысқаны үшін кешірім сұрап, алдағы уақытта ән айтпайтынын мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осы уақытқа дейін сіздердің алдарыңызға әнші Индира болдым. Әнші рітенде сіздердің құрметтеріңізді, көңілдеріңізді жаулап алуға тырыстым. Сіздердің көңілдеріңізді өнеріммен жаулап алғаным үшін кешірім сұраймын. Психологиялық мақсатта сіздермен жұмыс істеп жатқаныма 3 жылдың көлемі болды. Психология бір білім ғой. Бірақ бұл Алладан емес, батыстан келген білім. Осы психология арқылы көп нәрсені түсіндім, - деді әнші Instagram-парақшасында.

Индира Расылханның айтуынша, ол ауыр сынақты бастан өткерген. Әнші енді ән айтпайтынын мәлім етті.

Мен адасу, қателік жасау арқылы Алланы таптым. Қазір қандай жағдай болса да, мен тек дұға етемін. Мен үлкен сынақтан өттім. Қиын кезеңнен өттім. Қазір өз-өзіме келдім. Сіздерді алдап жүргендей сезіндім. Расында алдадым. Мен Алладан келген білімді емес, адамдар ойлап тапқан техниканы сіздерге бердім. Жүректеріңізге психолог ретінде жол тапқан болсам, кешірім сұраймын. Мен ресми түрде мәлімдеме жасағым келіп отыр, бұдан кейін ән айтпаймын, - деді әнші.

Өзгелердің жаңалығы