Британия ЕуроОдақтан шықты

1 Ақпан 2020, 10:41
2093
Бөлісу:
Британия ЕуроОдақтан шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Brexit-тен кейін бірден Құрама Корольдікте 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленген өтпелі кезең күшіне енеді.

Ұлыбритания 47 жыл бойы мүшесі болып келген ЕуроОдақтан шықты.

31 қаңтар күні сағат 23.00-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша таңғы 5.00-де), британиялықтардың 51,89% Brexit-ке дауыс берген референдумнан кейін үш жарым жыл өткен соң Құрама Корольдік ЕуроОдақ құрамынан шықты.

Премьер-министр Борис Джонсон ұлтқа телеарна арқылы үндеу кезінде Ұлыбритания ЕуроОдақ тарапының қандай да бір тежеуінсіз-ақ өзінің әлеуетін толық көрсете алады.

Соңғы 50 жылда ЕуроОдақ бұл елге сәйкес келмейтін бағытта дамыды. Бұл бағаны сіздер, Британия халқы, сайлау учаскелерінде бердіңіздер, - деді ол.

Мұнымен бірге Джонсон ЕуроОдақпен ынтымақтастықты жалғастыратынына үмітпен қарайтынын айтты.

Біз мұны ЕО пен күшке толы Ұлыбритания арасындағы достық ынтымақтастықтың жаңа кезеңі болғанын қалаймыз, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы