Бразилияда сиам егіздерін ажырату отасы сәтті аяқталды

2 Тамыз 2022, 16:50
1452
Бөлісу:
Бразилияда сиам егіздерін ажырату отасы сәтті аяқталды

Бразилиялық дәрігерлер бассүйектері біріккен сиам егіздерін ажырату отасын жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.    

ВВС таратқан мәліметке сәйкес, үш жастағы Бернардо мен Артур Лимаға ота Рио-де-Жанейроның балалар ауруханасының бірінде жасалған. 

Дәрігерлер бөлудің барынша қауіпсіз тәсілін табу үшін бірнеше айларын жұмсаған. Сондай-ақ ер балалардың анатомиясын виртуалды үлгіде гипотезаға тексерген.  

Хирург Нур уль Овасе Джилани операцияны «ғарыштық дәуірдің өнімі» деп атады. Ол алғаш рет әр түрлі мемлекетте болса да, хирургтер бірге жұмыс істеп, «виртуалды шынайылық бөлмесі» арқылы отаға өз үлестерін қосқан.  

Доктор Джилани Пәкістан, Судан, Израиль мен Түркияда сиам егіздеріне ота жасау тәжірибесін ие.

Егіздердің ата-анасы оларды емханаға екі жарым жыл бұрын әкелген, сол уақыттан бері сәбилер аурухана қабырғасында болған. 

Оларға барлығы жеті операция жасалды. Соңғысы 27 сағаттан астам уақытқа жалғасып, 100 дәрігер қатысыпты.  

Денелерін ажыратқан соң Бенардо мен Артурдың артериялық қан қысымы мен тамыр соғысы бірден естілген. Бұл сиам егіздеріне жасалған отаның сәтті өткендегінің белгісі дейді дәрігерлер. 

Өзгелердің жаңалығы