Бразилияда қоймадағы жарылыстан сегіз адам көз жұмды

28 Шілде 2023, 13:54
562
Бөлісу:
Бразилияда қоймадағы жарылыстан сегіз адам көз жұмды

Бразилияда астық сақтайтын қоймада жарылыс болып, 8 адам қаза тапты. Тағы оннан аса жұмысшы жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Оқиға Палотина қаласының шетінде ірі шаруашылықта болды. Куәгерлердің айтуынша, қоймадағы дүмпуден кейін төңірегіндегі тағы 2 ғимаратта да жарылыс тіркелген. 

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

Мен қойманың сыртындағы аулада жүргем. Бір кезде қатты жарылыс естілді. Жалма-жан жүгіріп барсам қойма өртеніп, адамдар айғайлап жүргенін көрдім, - деді  жұмысшы Ренильдо Перейра.

Өзгелердің жаңалығы