Бразилияда нөсер жауыннан 56 адам қаза тапты

30 Мамыр 2022, 10:15
1152
Бөлісу:
Бразилияда нөсер жауыннан 56 адам қаза тапты
Фото: Бразилияда нөсер жауыннан 56 адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сейсенбіден бері толассыз жауған жаңбыр суының тасқыны мен көшкін салдарынан Бразилияның солтүстік-шығысындағы Ресифе және Олинда муниципалитеттерінде кем дегенде 56 адам қаза тауып, сонша адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Пернамбуку штатының азаматтық қорғанысы 4 мыңға жуық тұрғыны баспанасынан айырылғанын хабарлады. Жергілікті билік алдағы күндері ауа райының әлі де нашарлауы мүмкін екенін ескертеді.

Бразилия президенті Жаир Болсонару қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, іздеу-құтқару операциясына көмектесу үшін өңірге әскер жіберді.

Өзгелердің жаңалығы