Бразилияда екпеден бас тартқандарға шектеу шаралары қолданылады

18 Желтоқсан 2020, 22:37
1250
Бөлісу:
Бразилияда екпеден бас тартқандарға шектеу шаралары қолданылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бразилияда коронавирусқа қарсы вакцинадан бас тартқандарға қатысты шектеу шаралары қолданылады, деп жазды «Хабар 24». 

Жоғарғы сот тиісті шешім қабылдады. Екпе салдырмаймын деген бразилиялықтар қоғамдық орындарға бара алмайды. Немесе белгілі бір қызмет түрімен айналысуына тыйым салынады. Қазір елде вакцина егуге міндеттеу туралы заң қабылдау мәселесі талқыланып жатыр. 

Алайда сарапшылар: «бұл адам құқықтарын бұзады» дейді. Айта кеткен жөн, Бразилия коронавирусты жұқтыру деректерінің саны бойынша әлемде үшінші орында тұр. Мұнда расталған оқиғалар саны 7 миллионнан асады. Жүргізілген сауалнама нәтижелері көрсеткендей, міндетті вакцинациялауды тұрғындардың жартысынан астамы, дәлірек айтсақ, 56%-і қолдайды екен.


Өзгелердің жаңалығы