Батыс Қазақстан облысының аумағында авиациялық оқиға кезінде қаза тапқан құтқарушылардың есімдері белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
БҚО-дағы апат кезінде қаза болғандар:
- Афанасьев В.К. - екінші пилот
- Андосов С.Ж. - аға бортмеханик нұсқаушы
- Досқалиев Ж.Қ. - жетекші инженер
- Қанатов Д.С. - ұшқыш-нұсқаушы.
Еске салсақ, кеше БҚО-да сағат 15.50-де «ҚазТрансОйл» АҚ тапсырысы бойынша құбырды әуеден шолу үшін ұшып шыққан «Қазавиақұтқару»АҚ Ми-8 тікұшағы жерге қатты екпінмен қонған. Салдарынан 4 адам қаза болған.
Төтенше жағдайлар министрлігінің іздеу тобы тікұшақ құлаған жерге барғаны да хабарланды.
Бүгін Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Каталин Раду Ми-8 тікұшағымен болған әуе оқиғасына байланысты операциялық орталықтың шұғыл кеңесін өткізді. Белгілі болғандай, әуе оқиғасы болған Ми-8 әуе кемесінің ұшуға жарамдылық сертификаты 2022 жылғы 3 мамырда берілген екен.