БҚО-да тікұшақ апатты жағдайда қонды: қаза тапқан 4 адамның мәйіті табылды

23 Ақпан 2023, 21:44
1483
Бөлісу:
БҚО-да тікұшақ апатты жағдайда қонды: қаза тапқан 4 адамның мәйіті табылды
Фото: © ҚР ТЖМ

Батыс Қазақстан облысында апатты жағдайда қонған тікұшақта болған 4 адам қаза тауып, 2 адам зардап шекті, деп хабарлады BAQ.KZ  Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, бүгін БҚО-да «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы апатты жағдайда қонуға мәжбүр болды. Оқиға Чапурино елді мекенінен 6 шақырым қашықтықта болған. Сағат 15.50-де «ҚазТрансОйл» АҚ тапсырысы бойынша құбырды әуеден шолу үшін ұшып шыққан «Қазавиақұтқару»АҚ  Ми-8 тікұшағы жерге қатты екпінмен қонған.

Бортта 5 экипаж мүшесі және 2 жолаушы болған.

Соңғы мәліметтер бойынша, ТЖМ іздеу тобы тікұшаққа жетті.  Авиациялық оқиға салдарынан 4 адам қаза тауып, 2 адам зардап шекті. ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті қаза тапқан азаматтардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады, — делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы