Апатқа ұшыраған тікұшақтың жарамдылық сертификатына 1 жыл ғана болған

24 Ақпан 2023, 09:19
1792
Бөлісу:
Апатқа ұшыраған тікұшақтың жарамдылық сертификатына 1 жыл ғана болған
Фото: ТЖМ

Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Каталин Раду Ми-8 тікұшағымен болған әуе оқиғасына байланысты операциялық орталықтың шұғыл кеңесін өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Кеңеске ұшуға жарамдылық, ұшуды пайдалану, аэронавигация, лицензиялау, авиациялық медицина, іздеу және құтқару департаменттерінің және ұшу қауіпсіздігі басқармасының өкілдері қатысты. 

Апатқа ұшыраған тікұшақтың жарамдылық сертификатына 1 жыл ғана болған

Операциялық орталық Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің апаттық жоспарын іске қосты, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылады және тексеру жүргізу үшін құжаттар дайындалды. 

Әуе оқиғасы болған Ми-8 әуе кемесінің ұшуға жарамдылық сертификаты 2022 жылғы 3 мамырда берілді. Тікұшақ 2021 жылғы 27 қаңтарда шығарылған. Қазақстан Республикасының Азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде 2022 жылғы 14 сәуірде тіркелген (куәлік нөмірі 1273, әуе кемесінің мемлекеттік және тіркеу тану белгісі UP-MI874). Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Ми-8 типті тікұшағын пайдаланатын әуе компаниялардың қызметіне жоспардан тыс инспекциялық тексерулер жүргізеді. Тексерулер нәтижелері бойынша жүйелі бұзушылықтар анықталған жағдайда ұшу қауіпсіздігінің барлық мәселелер шешілгенге дейін тиісті сертификаттар мен куәліктер тоқтатылады, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, "Қазавиақұтқару" АҚ-ның 2021 жылғы 1 қазанда Қазақстанның авиациялық әкімшілігі берген 2024 жылғы 1 қазанға дейінгі № KAZ-02/027 Авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлігі бар. Әуе компания 33 тікұшақты пайдаланады (Ми-8 – 9 бірлік; Ми-171 – 2 бірлік; Ка-32 – 2 бірлік; ЕО-145 – 16 бірлік; Н-145 – 2 бірлік; Н-130 – 2 бірлік).

Бұған дейін хабарлағанымыздай, кеше БҚО-да сағат 15.50-де «ҚазТрансОйл» АҚ тапсырысы бойынша құбырды әуеден шолу үшін ұшып шыққан «Қазавиақұтқару»АҚ Ми-8 тікұшағы жерге қатты екпінмен қонған. Салдарынан 4 адам қаза болған.

Кейіннен Төтенше жағдайлар министрлігінің іздеу тобы тікұшақ құлаған жерге барғаны да хабарланды.

Өзгелердің жаңалығы