БҚО-дағы әкімдік қызметкері бюджеттің 12 млн теңге қаражатын жымқырған

29 Желтоқсан 2023, 20:18
469
Бөлісу:
БҚО-дағы әкімдік қызметкері бюджеттің 12 млн теңге қаражатын жымқырған
Фото: Арман Мухатов - архив

БҚО прокурорлары бюджет қаражатының ірі көлемде жымқырылғанын анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Прокурорлық тексеріспен БҚО Шағатай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы 2020 жылдан 2023 жылға дейінгі кезеңде өзінің карточкалық шотына заңсыз аудару жолымен 12 млн.теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды.

Бұл факт ҚК-нің 189-бабының 3-бөлігі бойынша СДТБТ-не тіркеліп, кейіннен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу үшін Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жолданып, тергеу нәтижесі бойынша іс сотқа жолданды.  

Сот үкімімен әкімдік қызметкер 3 жылға бас бостандығынан айырылып, қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде жазасын өтеу тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Өзгелердің жаңалығы