БҚО-да үш жарым мың бас ірі қарадан бруцеллез белгілері анықталды

8 Қыркүйек 2022, 22:46
1657
Бөлісу:
БҚО-да үш жарым мың бас ірі қарадан бруцеллез белгілері анықталды

Батыс Қазақстан облысында биыл 1 миллион 200 бас мал бруцеллез ауруына тексеріледі. Оның ішінде мүйізді ірі қара мен ұсақ мал бар. Бүгінгі күнге дейін зерттелген үш мың жарым ірі қарадан ауру белгілері анықталған, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz сілтеме жасап.

Сарып ауруына шалдығу көрсеткіші әсіресе Сырым, Қаратөбе және Бәйтерек аудандарында жоғары. Ал зерттелген 874 мың бас ұсақ малдың 588-інен оң нәтиже анықталды. Күні бүгін аймақта бруцеллезге шалдыққан 3 254 бас мүйізді ірі қара мен 441 бас ұсақ мал  ет өңдеу кәсіпорындарына жеткізіліпті. 95 бас малдың иесіне 5 миллион теңгедей өтемақы төленген. Мамандар сарып ауруының таралуына санитариялық шараларды ескермейтін мал иелері кінәлі екендігін айтады.

Әрбір мал иесі басқа жақтан мал әкелгенде немесе сатқанда жергілікті мал дәрігерлерін ескертпейді. Сырттан құжатсыз әкелген малды карантинге қоймай жұқпалы ауруларға қанын алып зерттеместен ауылдың жалпы табынына  немесе шаруа қожалығының малына қосады. Қора-жайға мал иелерінің есебінен жүргізілетін дезинфекция жұмыстары өз деңгейінде атқарылмайды, - дейді облыстық ветеринария басқармасының басшысы Серік Нұрмағанбетов.

Өзгелердің жаңалығы