БҚО-да су келмегеніне 20 жылдан асқан көлге су жіберіле бастады

17 Сәуір 2024, 14:24
526
Бөлісу:
БҚО-да су келмегеніне 20 жылдан асқан көлге су жіберіле бастады
VIDEO
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

20 жылдан астам су бармаған Батыс Қазақстан облысындағы Қамыс-Самар көлдеріне су жіберіле бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысының «Қазсушар» филиалы Жайық-Көшім суару жүйесінен Қамыс-Самар көлдеріне су жібере бастады. Айта кету керек, бұл көлдер жүйесіне соңғы 20 жылда су бармаған. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Жайық-Көшім суару жүйесіне жататын су қоймаларының жұмысын бақылады. Тасқын суын қабылдау үшін «Қазсушар» мекемесі өз иелігіндегі су қоймаларында бос орындар дайындап жатыр. 

Қазіргі таңда Жайық-Көшім жүйесінің су қоймаларының каскадына 193,2 млн текше метр немесе 74,2% су жиналды. Жүйеге Жайық өзенінен секундына 115 текше метр су келуде. Жиналған судың бір бөлігі 87 мың гектар лиманды шабындық алқабын суару үшін пайдаланылып жатыр. 

Сондай-ақ өңірдегі шағын су қоймалары мен Көшім өзенінің төменгі ағысына жіберілуде.

Басты міндет - су қоймаларын 100% толтырып, жиналған суды ауыл шаруашылығы мен экономиканың басқа да салаларында тиімді пайдалану. Сондай-ақ, тасқын суын қабылдау және қауіпсіз өткізу арқылы елдімекендерді су басу қаупін азайтуымыз керек. Еріген қар суын шабындық алқаптарды суаруға және өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға да ұтымды пайдалану маңызды. Бұл іс-шаралардың барлығы Атырау облысына келетін тасқын суын барынша азайтуға мүмкіндік береді, - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Жайық-Көшім суару жүйесіне жататын су қоймаларының жұмысын бақылады. Тасқын суын қабылдау үшін «Қазсушар» мекемесі өз иелігіндегі су қоймаларында бос орындар дайындап жатыр.

Өзгелердің жаңалығы