БҚО-да полицей ұйықтап жатқан отбасыны өрттен құтқарды

Өрт сөндірушілер келгенше полиция қызметкері үй иелерімен бірге қорадағы малды шығарып, жалынды құммен сөндіруге кіріскен.

3 Қыркүйек 2026, 08:32
АВТОР
 Скриншот 3 Қыркүйек 2026, 08:32
3 Қыркүйек 2026, 08:32
128
Фото: Скриншот

Батыс Қазақстан облысында учаскелік полиция инспекторы түнгі кезекшілік кезінде өртті байқап, ұйықтап жатқан отбасыны қауіпсіз жерге шығарды.

Polisia.kz-тің мәліметінше, оқиға 1 қыркүйекке қараған түні Жаңақала ауданының Қырқопа ауылында болған. Сағат 04:30 шамасында учаскелік полиция инспекторы Нұрлыбай Нұрмұханов үйлердің бірінің ауласынан қою түтін шыққанын байқаған.

Оқиға орнына жеткен полицей үйге жапсарлас салынған мал қораның өртеніп, жалынның тұрғын үйге қарай таралып бара жатқанын көрген. Ол дереу үй тұрғындарын оятып, балаларымен бірге қауіпсіз жерге шығарды.

Өрт сөндірушілер келгенше полиция қызметкері үй иелерімен бірге қорадағы малды шығарып, жалынды құммен сөндіруге кіріскен. Нәтижесінде өрттің тұрғын үйге таралуына жол берілмеді.

«Нұрлыбай келіп оятпағанда, бала-шағамызбен не боларымызды білмеймін. Отбасымызбен оған алғыс айтамыз», – деді үй иесі Есқали Мұратов.

Полиция қызметкерінің дер кезінде жасаған әрекетінің арқасында отбасы қауіпсіз жерге шығарылып, өрттің үйге таралуының алдын алды.

Наверх