БҚО-да киік санағы басталды

21 Сәуір 2022, 08:47
1885
Бөлісу:
БҚО-да киік санағы басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Былтыр бірнеше аудан төрт түлікке қажетті жем-шөптен қиналды. Киіктер жайылым жерлерді отап, мал азығын қамдауға мүмкіндік бермейді. Сондықтан шаруаларға субсидия төлеу мәселесін шешу қажет, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Бір киікке есептелген жер  көлемі 18 гектар екен, ал  миллион киікке 18 миллион га жер керек екен. Ал біздің төрт ауданда ондай жер де жоқ. Ол киік сыймайды деген сөз. Енді биыл да зардабы еселеп күшейеді деген ойда, шаруалар осы күннен дабыл қағып жатыр, ал қалай етеміз, қолда бар малды қалай асырап шығамыз, қалай шөп дайындаймыз? Мына киіктер шауып келе жатқанда шөптің тамырын  қиып, жегені бір сыпыра, тұяғымен қиып тамырын шөпті шығармай жатыр, – деді облыстық мәслихат депутаты Серік Жарылғапов.

Орал популяциясына жататын ақбөкен атаулының 90 проценті Жәнібек пен Қазталов аудандарының аумағында көшіп-қонады. Соңғы жылдары ерекше қорғауға алынған дала жануарларының саны біраз ұлғайған. Бұл мақсатқа мемлекет тарапынан қыруар қаражат жұмсалды.

Совет үкіметі кезінде охотзаготконтора болды Жаңақалада. Сол кезде киіктер реттеліп отырды. Соның қазір реті келіп отыр, біздің Еділ-Жайық, қазір Орал популяциясы дейміз ғой саны келіп отыр. Қазіргі қойылып отырған несі бір 10 процент  Үкіметке ұсынып отырған әуесқойлық пен өнеркәсіптік аулауға 10 процентін жылда реттеп отырса деген. Киіктің еті бұрын сатылып жүрді ғой төмен қақпен. Соған келіп тұр. Біздің облыста толыққанды ет комбинаттары әзір, – дейді аумақтық иснпекцияның бөлім басшысы Қайрат Қадешев.

Киік санағы әуеден барлау арқылы жүргізіледі. Биылғы қыс дала жануарларына оңай тимеген. Сол себепті киіктер көбіне Атырау облысының аумағында қыстап шығады. Мамандардың есебінше, қолайсыз ауа райына шыдамаған жүзге тарта бас аталықтан шығын болған. Санақ нәтижесі маусым-шілде айларында анықталады.

Киік жайлы мәселені шаруалар көтеріп келе жатыр. Бірақ егер шаруа егін егіп жатса, киік егінді таптап жатса, субсидия төлеуге болар еді. Ал жай жатқан даланы, оның үстіне ол киіктің өзінің мекендеу өрісі болса ол үшін субсидия төлеуді мен ақылға сыйымсыз деп санар едім. Киіктердің басты мәселесі – су мәселесін шешу қажет. Шешу жолы ретінде киіктің мекендейтін жеріндегі жерлерді шаруалардан алып резерватқа беруді ұсынамын. Негізі о баста шаруаларға берілген кезде олардың құжаттарында көрсетілген, резерват құрылса мемлекет меншігіне қайтарылады деп, – деді сарапшы Нұрлыбек Рахманов.

Өзгелердің жаңалығы