Алимент жанжалы: Өзбекстан азаматы әйелі мен кішкентай қызын пышақтап тастаған

Күйеуі 15 тәулікке қамалған. Күдікті жазасын өтеп шыққаннан кейін жанжал тіпті ушыға түскен.

 uznews.uz/видеодан кадр Бүгiн 2026, 19:42
Бүгiн 2026, 19:42
172
Фото: uznews.uz/видеодан кадр

Ферғана облысы Өзбекстан ауданының қылмыстық істер жөніндегі соты күдіктіге қатысты істі қарады, деп хабарлайды  BAQ.KZ Uznews-ке сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, Ферғанада 34 жастағы ер адам алиментке байланысты туындаған жанжал кезінде әйелі мен екі жасар қызын пышақтап өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен.

Іс материалдарына сәйкес, өткен жылдың 3 қарашасында сағат 18:00 шамасында күдікті мас күйінде қайын атасының үйіне келген. Ол жерде екі баласымен бірге тұрып жатқан әйелімен жанжалдасып қалған.

Кейін анықталғандай, әйелі бұған дейін алимент өндіру үшін сотқа жүгінген және сот шешімімен күйеуі 15 тәулікке қамалған. Күдікті жазасын өтеп шыққаннан кейін жанжал тіпті ушыға түскен.

Төбелес кезінде ол кәмелетке толмаған балаларының көзінше қалтасында ала келген ас үй пышағымен әйелін бірнеше рет сұққылаған. Мұнымен тоқтамай, 2 жасар қызын да пышақтап, бүлдіршін оқиға орнында көз жұмған. Әйелі ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болды.

Сотталушы Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 97-бабы 2-бөлігі «а», «в», «ж», «и» тармақтары (Қасақана кісі өлтіру) бойынша кінәлі деп танылып, 19 жылға жалпы режимдегі колонияға бас бостандығынан айырылды.

Наверх