Ақтауда аса ірі көлемде есірткі сақтаған күдікті ұсталды

Полиция күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады.

 polisia.kz 2 Маусым 2026, 00:58
2 Маусым 2026, 00:58
6101
Фото: polisia.kz
Ақтауда аса ірі көлемде есірткі сақтаған күдікті ұсталды.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Ақтау қаласында есірткіні заңсыз сақтау дерегі анықталды. Тексеріс нәтижесінде күдіктіден жалпы салмағы 4 келіден асатын гашиш есірткісі тәркіленді.

Бұл дерек бойынша есірткіні аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деді полиция.

Наверх