Елордалықтарға жұмыс күші тапшы аймақтардан жұмыс ұсынылуда

17 Ақпан 2020, 20:17
1474
Бөлісу:
Елордалықтарға жұмыс күші тапшы аймақтардан жұмыс ұсынылуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 20, 21 ақпан күні сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығында азаматтардың ерікті түрде қоныс аударуы бойынша бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Жәрмеңке мақсаты – нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында еліміздің жұмыс күші тапшы аймақтарын еңбек қабілетті қызметкерлермен қамтамасыз ету. 

Жәрмеңкеге Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды және Ақмола облысының өкілдері қатысады. Жыл басынан бері Нұр-Сұлтан қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығына 1 659 адам жүгінді. Барлығы 1 266 адам жұмысқа орналастырылды. Оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына 373 жұмыссыз шықса, белсенді қолдау шараларымен 893 адам қамтылды.


Өзгелердің жаңалығы