Бородулихада екі жасөспірім суға батып кете жаздады

18 Шілде 2023, 17:16
428
Бөлісу:
Бородулихада екі жасөспірім суға батып кете жаздады
Фото: BAQ.KZ - архив

Бородулиха ауданында суға батып бара жатқан балалар құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті.

17 шілдеде Бородулиха ауданында Веселовский тоғанында шомылу кезінде суға бата бастаған 2014 және 2015 жылы туған екі баланы Бердюгин Сергей Михайлович құтқарып, 103 қызметкерлеріне тапсырды. Дәрігерлердің тексеруінен кейін балалар аудандық ауруханасына жатқызылды. Қазіргі уақытта балалардың жағдайы қанағаттанарлық. Құрметті азаматтар сізден өзіңізге және жақындарыңызға өте мұқият болуыңызды, судағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін есте сақтауыңызды сұраймыз, - делінген ведомство хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы