«Борат» - Қазақстанды ашық түрде қорлайтын ең нәсілшіл фильм - америкалық жазушы

25 Қазан 2020, 08:50
1995
Бөлісу:
«Борат» - Қазақстанды ашық түрде қорлайтын ең нәсілшіл фильм - америкалық жазушы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Америкалық жазушы Нассим Талеб өзінің Twitter-дегі парақшасында «Борат» фильмін нәсілшілдікке теңеді.

«Борат» - Қазақстан халқын ашық түрде қорлайтын тарихтағы ең нәсілшіл фильм. Көптеген адамдар контекстен тыс сөздерді дұрыс қолданбағаны үшін көпшілік алдында айыпталады. Мен «Борат – пародия» деген сыңайлы пікірлерді бұғаттап тастадым. Иә, мен мұның пародия екенін білемін. Бірақ мені «пародияның» қосарланған стандарты көбірек қызықтырады. Егер нәсілшіл әзілдер (іс жүзінде қорлау) өзге нәсілдің өкілдеріне рұқсат етілсе, онда бұл нәсілшілдіктің ең нашар түрі, - деді Нассим Талеб.
Сонымен қатар, жазушы Қазақстанға жиі келетінін атап өтті.
Мен Қазақстанда бірнеше рет болғанмын. Сол кезде тұрғындар Бораттың, шын мәнінде, Қазақстанның өкілі емес екендігін, бұл әділетсіз болғанын және фильмнің Қазақстанға көп зиян келтіргенін үнемі айтып жүр. Бірде мен Марат деген жүргізушіні Борат деп абайсызда айтып қалғаным үшін таяқ жеп қала жаздадым, - деп толықтырды ол.
Өзгелердің жаңалығы