Боранбаевтың тағы қандай бизнестері мемлекетке өтті

18 Қазан 2023, 12:03
679
Бөлісу:
Боранбаевтың тағы қандай бизнестері мемлекетке өтті
VIDEO
Фото: скрин

Қайрат Боранбаевтың мүлкін мемлекет меншігіне қайтару шараларын Қаржылық мониторинг агенттігі жүргізіп жатыр.

Мемлекет кірісіне жалпы құны 33,75 млрд теңге болатын кеңсе, сауда және ойын-сауық кешені, сондай-ақ сауықтыру және фитнес желісі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атап айтқанда, оңтүстік мегаполистің орталығында орналасқан «Алмалы» сауда орталығының ғимараты, сондай-ақ жалға беру және мүлікті басқарумен айналысатын «Unity Hall» ЖШС. "Алматы Тауэрс" бизнес орталығында орналасқан нысанның ауданы 11 мың шаршы метрден асады.

Сондай-ақ, «Fitnation» фитнес клубтар желісі мемлекет меншігіне өтті. Нысандар Астана, Алматы және Қостанай қалаларында орналасқан. Бұл нысандардың барлығын қолданыстағы заңнамаға сәйкес демалыс, сауықтыру және білім беру орталықтарын ұйымдастыра отырып, әлеуметтік мақсаттарға пайдалану жоспарлануда.

Еске салсақ, Қайрат Боранбаев мемлекетке 90 млрд теңге қайтарып, білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 30 млрд теңге аударған болатын. Сондай-ақ күні кеше құны 1,4 млрд теңгеден асатын қонақ үйді, сосын тағы 30 млрд теңге қайтарған еді.

Боранбаевтың өзі 6 жылға сотталған болатын.

Өзгелердің жаңалығы