Боранбаевтың елден қашпақ болғаны рас па?

4 Қаңтар 2023, 11:31
1189
Бөлісу:
Боранбаевтың елден қашпақ болғаны рас па?
Фото: автордан

Бұл сұраққа сот отырысы барысындағы үзіліс кезінде Қайрат Боранбаев өзі жауап берді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Ол «Шекара асқалы тұрған жерінен ұсталды» деген ақпарат шындыққа жанаспайды деп отыр.

Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Мен кездесуден шыққан болатынмын. Мені сағат 5-те (17.00 – ред.) ұстады. Бұл менің әдеттегі жұмыс күнім еді. Иә, мен шетелге шығуды жоспарлап отырғанмын. Рейс уақыты түнгі 2-де болатын. Соның алдында ғана Бейжіңге барып келгенбіз. Сол күнгі рейс Рига қаласына жоспарланған, - деді Қайрат Боранбаев сот отырысы арасындағы үзілісте БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Сондай-ақ «Қаңтар оқиғасынан кейін елден қашуды жоспарлағаныңыз рас па?!» деген сұраққа жауап берді.

Неге қашуым керек?! Мен осында тудым, өстім, анам осында, әкем осында жерленген. Бизнесім де осында. Сол күнгі (ұсталған күні – ред.) рейс Рига қаласына жоспарланды, сол жақта менің тағы бір жобам бар. Ол сапардың бір ай бұрын жоспарланғандығы туралы барлық құжатты ұсындық, - деді ол.

Еске сала кетейік, Астанадағы Сарыарқа аудандық №2 сотында Қайрат Боранбаев ісіне қатысты сот отырысы өтіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы