Бөлегенов ең көп алаяқтық жасалатын сайтты атады

28 Қыркүйек 2021, 12:33
4249
Бөлісу:
Бөлегенов ең көп алаяқтық жасалатын сайтты атады
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің киберқылмыспен күрес бөлімінің басшысы Талғат Бөлегенов журналистерге берген брифингте айтты.

Интернет алаяқтықтың тағы бір түрі olx.kz тауарларды жеткізу қызметін пайдалануға қатысты болып отыр. Алаяқтар сатушылармен байланысып, сатып алушының кебін кейіп, қызмет ұсынады. Ол үшін алаяқтар банк карталары мен ЖСН деректемелерін толтыру үшін сілтемені жібереді. Шын мәнінде ол фишингтік сілтеме және сайттағы жеткізу қызметтері olx.kz-те жоқ. Алаяқтықтың көбі осы сайтта тіркеледі. Олар күніне 100 мыңнан астам хабарландыру жариялайды. Сондықтан біз олардың әкімшілерімен бірлесе жұмыс істейміз, - деді ол.

Бөлегенов ең көп алаяқтық жасалатын сайтты атады

Бөлегенов атап өткендей, алаяқтар карталардың деректемелерін көшіре отырып, картадан ақшаны жымқырады.

Бөлегенов ең көп алаяқтық жасалатын сайтты атады

Сондай-ақ банк карталарынан ақшаны жымқыру бойынша алаяқтықтың түрлері көп. Мысалы, алаяқтар карта иелерінің абоненттік нөмірлеріне қоңырау шалып, өздерін банк қызмметкерлері ретінде таныстырады. Сөйлесу кезінде олар карта бойынша алаяқтық әрекеттерін айтып, сенімге кіреді. Алаяқтық транзакцияларды болдырмау үшін SMS құпия сөздерін жазуды сұрайды. Осылайша, банк карталарының мәліметтерін алып, арам пиғылдарын жүзеге асырады, - деді ол.

Бөлегенов ең көп алаяқтық жасалатын сайтты атады

Өзгелердің жаңалығы