Болат Назарбаевтың мүлкі мемлекетке қайтарылды

17 Қаңтар 2024, 23:11
1024
Бөлісу:
Болат Назарбаевтың мүлкі мемлекетке қайтарылды

Болат Назарбаевпен үлестес Қордай ауданындағы базардың жерлері Жамбыл облысы прокуратурасының бастамасымен мемлекетке қайтарылды, жеп хабарлайды BAQ.KZ.

2004 жылы Қордай ауданы әкімдігінің және Қордай ауылдық округі әкімінің актілерімен Б.Н. Назарбаевқа тиесілі «Қарасай БН-Тараз» ЖШС-ға «Барыс-2» сауда кешеніне қызмет көрсету үшін ауданы 34,3017 га учаске берілген,  - делінген хабарламада.

Учаскені беру кезінде оның тәртібі бұзылған, атап айтқанда ауыл шаруашылығы мақсатындағы ерекше қорғалуға жататын ауданы 22,25 га суармалы егістік жерлердің бір бөлігі базарға қызмет көрсету үшін берілген.

Осыған байланысты аудан прокуратурасы аудан және ауылдық округ әкімдіктерінің актілерін, сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тану және күшін жою туралы сотқа талап қою берді.

Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы қаулысымен «Қарасай БН-Тараз» ЖШС-мен Қордай ауданы әкімдігінің Жер қатынастары бөлімі арасындағы 24.07.2007 жылғы №81 және №82 жер учаскелерін сатып алу-сату, жер учаскелерін өтеусіз беру туралы «Қордай Инвест» ЖШС-ның барлық шарттары жарамсыз деп танылып, күштері жойылды, - делінген Жамбыл облысының прокуратурасы таратқан хабарламада.

Сот қаулысы 2023 жылдың 28 желтоқсанында заңды  күшіне енді, жер учаскелеріне мемлекеттік актілердің күші жойылды.

Өзгелердің жаңалығы