«Болашақ» түлегі әмбебап ауылшаруашылық техникасын ойлап тапты

19 Қараша 2022, 18:23
1343
Бөлісу:
«Болашақ» түлегі әмбебап ауылшаруашылық техникасын ойлап тапты

Техника ғылымдарының кандидаты, доцент Нұрлыбай Манабаев ғалымдармен бірге 4 машинаның жұмысын атқаратын инновациялық ауылшаруашылық техникасын ойлап тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.  

«Болашақ» түлегі мемлекеттен грант алып, техниканың бірнешеуін сынақтан да өткізді.

Қазақстандық ғалым өнертабысының көмегімен шаруалар бірнеше жұмысты бір техниканың көмегімен жүзеге асыра алады. Сонымен қатар, ол отын шығынын 3 есеге төмендетеді, газдардың атмосфераға шығуын 2-3 есе азайтады, ал өнімділік 10-15%-ға көбейеді. Инновациялық құрылғының Қазақстан және ТМД мемлекеттерінде аналогы жоқ.

Мен еңбек жолымды ауылда бастадым және шаруалардың жұмысы қаншалықты ауыр екенін білемін. Шетелде тағылымдамадан өтуім, ауылшаруашылық өндірісіндегі көпжылдық еңбегім ғалым ретінде қалыптасуыма ықпал етті.  Таяуда бұл әзірлемем жаппай өндіріске шығады деп сенемін, - деді ғалым.

Нұрлыбай Манабаев «Болашақ» бағдарламасыме К.А.Тимирязев атындағы Мәскеу ауылшаруашылық академиясында ғылыми тағылымдамадан өткен.

Өзгелердің жаңалығы