Болашақ дәрігерлерді дайындау саласында бәсекелестік төмен - депутат

23 Қараша 2022, 15:45
943
Бөлісу:
Болашақ дәрігерлерді дайындау саласында бәсекелестік төмен - депутат

Бұл туралы депутат Гүлдара Нұрымова Мәжілістің жалпы отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  

2020 жылдан бастап қосымша медициналық білімді тек жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, ғылыми орталықтар, ғылыми-зерттеу институттары, жоғары колледждер жүзеге асырады. Осы норманы енгізу нәтижесінде: білім беру қызметтері нарығынан қосымша білім ұсынатын аккредиттелген басқа мемлекеттік емес білім беру ұйымдарының 50%-ы жабылды. Жұмыс орындарының қысқаруы орын алды. Медициналық білім беру қызметтер нарығында бәсекелестік төмендеді. Аталған оқу орындарының шамадан тыс жүктелуіне әкелді, - деп атап өтті мәжілісмен Денсаулық сақтау министрінің атына жолдаған депутаттық сауалында. 

Айтуынша, шалғай өңірлерде тұратын медицина қызметкерлері көрсетілген орталықтары орналасқан шалғай қалаларға баруға мәжбүр болғандықтан, күндізгі бөлімде біліктілігін арттыру курстарынан өту үшін ұзақ іссапарларға барады. 

Мысалы, батыс өңірде бес облысқа тек Ақтөбеде бар. Кейбір университеттерде кей мамандарға арналған тиісті базасы мен оқытушылары жоқ. Жеке қосымша білім беру ұйымдарымен мердігерлік шарттар жасасатын, жетілдіру курстарынан өткендігі туралы куәліктер беретін мысалдар бар, олар үшін шарт бойынша оқу ақысының бір бөлігін алады. Мысалы, бүгінгі таңда 2022 жылғы мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижелері бойынша қосымша білім берудің барлығы бес ЖОО, үш айда алты мың сегіз жүз сексен адамды күндізгі оқу нысанында 20-30 адамнан туратын топтар арқылы оқытуда. Бұл мөлшерді күндізгі оқу түрінде біліммен қамтамасыз ету қиын. Нәтижесінде ЖОО-лар жеке аккредиттелген ұйымдарға қосалқы мердігерлік шеңберінде қосымша білім беруді өткізуді ұсынады. Айтылғандарды ескере отырып, жеке институционалдық аккредиттелген білім беру ұйымдарына қосымша білім беруді жүзеге асыруға рұқсат беру мәселесін қарастыруыңызды сұраймыз, - деді депутат Нұрымова. 

Өзгелердің жаңалығы