«Болашағы біртұтас ел» дөңгелек үстелі өтті

24 Сәуір 2023, 20:19
1412
Бөлісу:
«Болашағы біртұтас ел» дөңгелек үстелі өтті
Фото: Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы

Іс-шараның мақсаты - мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлін арттыру, қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астана қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Болашағы біртұтас ел» атты «Мемлекеттік тіл – қазақ тілі елімізде тұрып жатқан барлық қазақстандықтарды біріктіретін күш» тақырыбына пікірлесу дөңгелек үстелін өткізді.

Ондағы мақсат - мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлін арттыру, қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту. Еліміздегі сан ғасырлар бойы қалыптасқан, қазақ халқы мен барша әр-түрлі этнос өкілдері арасындағы береке-бірлікті, ынтымақ пен рухани келісімді сақтау, одан әрі жетілдіру, еліміздің әрбір азаматына отаншылдық сананы сіңіру, ел болып бірлікте жұмыс жасауға жұмылдыру.

«Болашағы біртұтас ел» дөңгелек үстелі өтті

Қазіргі кезде «Руханият» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Достық» үйіндегі өзге ұлт өкілдерінен шоғырланған «Мәміле» клубы Мемлекет басшысының сындарлы саясатын түпкілікті қолдай отырып, әрбір ұлттық-мәдени орталықтардың бірлескен түрде қызмет атқарып, әрбір ұлттың салт-дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға түбегейлі жағдайлардың жасалуына зор септігін тигізіп, пікірлесу форматында дөңгелек үстел өткізіп отыр.

«Болашағы біртұтас ел» дөңгелек үстелі өтті

Пікірлесу клубына 16 ұлт өкілдері қатысып, өз ойларын ортаға салып, қазақ тілін өркендету үшін тіл үйреніп, дамытуға өз үлестерін қосуға шақырды. Дөңгелек үстелде пікірлесу барысында қазақ халқына деген ризашылықтарын тілектерімен жеткізе отырып, өзге ұлт өкілдерін достықта, бірлікте болуға шақырды.

«Болашағы біртұтас ел» дөңгелек үстелі өтті

Осы іс-шараға Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бөлім басшысы Нұрзила Қасқатаева мен «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысы Әділ Орынбасарұлы арнайы келіп, Қазақстан халқының бірлігі күнімен этнос өкілдерін құттықтады. Сонымен қатар «Руханият» КММ басшысы өзге ұлт өкілдерін арнайы алғыс хаттармен марапаттап, ынталандыру сыйлықтарын берді.

Өзгелердің жаңалығы