Бокстан Олимпиада чемпионы қайтыс болды

16 Шілде 2019, 12:10
2452
Бөлісу:
Бокстан Олимпиада чемпионы қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бокстан 1984 жылғы Олимпиада чемпионы Пернелл Уитакер АҚШ-тың оңтүстік-шығысында орналасқан Вирджиния-Бич қаласында жол апатынан қайтыс болды.

Атақты спортшыны көлік қағып кеткен. Жүргізуші жедел жәрдем шақырған. Бірақ дәрігерлер боксшыны ажалдан аман алып қала алмады. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты тергеу басталды.

Уитакер 1964 жылы дүниеге келген. 1984 жылы АҚШ-тың Лос-Анделес қаласында өткен Олимпиада ойындарында 60 келіде чемпион атанған. Сондай-ақ 1982 жылы әлем чемпионатында күміс медаль алған. Одан бөлек, 1983 жылы Панамерика ойындарының жеңімпазы. Кейіннен кәсіпқой боксқа ауысып, 4 салмақ дәрежесінде чемпиондық белбеуге ие болды. Спорттық карьерасын 2001 жылы аяқтаған.

Өзгелердің жаңалығы