Бокстан лицензиялық турнирдің ширек финалына кімдер шығады

11 Наурыз 2024, 20:03
528
Бөлісу:
Бокстан лицензиялық турнирдің ширек финалына кімдер шығады
Фото: olympic.kz

Бүгін Италияның Брусо-Арсицио қаласында өтіп жатқан бокстан лицензиялық турнирдің ширек финал кездесулері өтеді. Шаршы алаңға жеті қазақ боксшысы көтеріледі, деп жазады BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Назарларыңызға қазақ боксшыларының қарсыластары мен жекпе-жектердің басталу уақытын ұсынамыз:

17:30. 92 келі. Айбек Оралбай - Джамар Талли (АҚШ)

19:30. 75 келі. Валентина Хальзова - Синди Нгамба (Ұлыбритания)

23:00. 50 келі. Алуа Балқыбекова - Карина Макси Клецер (Германия)

00:00. 51 келі. Сәкен Бибосынов - Киран Макдональд (Ұлыбритания)

00:30. 57 келі. Махмұд Сабырхан - Ашрор Вохидов (Тәжікстан)

00:45. 71 келі. Асланбек Шымбергенов - Сархан Әлиев (Әзірбайжан)

01:30. 80 келі. Нұрбек Оралбай - Келин Кессиди (Ирландия).

Өзгелердің жаңалығы