Бокстан әлем чемпионаты: Санжар Тәшкенбай финалға шықты

12 Мамыр 2023, 15:45
1205
Бөлісу:
Бокстан әлем чемпионаты: Санжар Тәшкенбай финалға шықты
Фото: Prosports.kz

Жастар арасында әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай бокстан Ташкенттегі әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

48 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Санжар ресейлік Эдмонд Худоянды жеңді. Жекпе-жек үш раундқа созылып, отандасымыз төрешілер шешімімен басым түсті (5:0).

Еске сала кетсек, бүгін тағы төрт қазақстандық (Махмуд Сабырхан, Дулат Бекбаубов, Асланбек Шымбергенов мен Нұрбек Оралбай) жартылай финал аясында рингке шығады.

Өзгелердің жаңалығы