Бокстан ӘЧ: Сағындық Тоғамбай жарыс жолынан шығып қалды

8 Мамыр 2023, 23:32
2281
Бөлісу:
Бокстан ӘЧ: Сағындық Тоғамбай жарыс жолынан шығып қалды
Фото: inform.kz

Ташкент қаласында бокстан ерлер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Сағындық Тоғамбай жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жастар арасында Азия чемпионы атанып, әлем біріншілігінде күміс алған жас боксшы С. Тоғамбай 86 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Шохжахон Абдуллаевпен жұдырықтасты.

Жастар арасында әлем біріншілігінің қола жүлдегері атанып, кәсіпқой бокстың да дәмін татып үлгерген 20 жастағы Ш. Абдуллаев осал қарсылас емес-ті. Осыған дейінгі өзара бір кездесуде өзбекстандық боксшы жеңіске жеткен.

Сағындық Тоғамбай Ташкенттегі бірінші жекпе-жегінде конголық Натан Нланду Мбелиді нокаутпен ұтқан еді.

Бұл жолы бірінші раундта төрешілер түгелдей өзбекстандық боксшыға басымдық берді. Екінші кезеңде рефери С. Тоғамбайға нокдаун есептеді. Үшінші раундта ештеңе өзгере қойған жоқ. Есеп - 5:0, жеңіс өзбекстандық боксшының еншісінде кетті.

Өзгелердің жаңалығы