Бокстан ӘЧ: Назым Қызайбай мен Карина Ибрагимова бастапқы жекпе-жектерін өткізеді

Бокстан ӘЧ: Назым Қызайбай мен Карина Ибрагимова бастапқы жекпе-жектерін өткізеді
277

Үндістанның Нью-Дели қаласында бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін Назым Қызайбай мен Карина Ибрагимова бастапқы кездесулерін өткізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстандық қыздардың екеуі де Астана уақытымен сағат 18:30-да басталатын кешкі сессияда өнер көрсетеді.

Әлем чемпионы Назым Қызайбай 50 келіге дейінгі салмақта 1/16 финалда Вьетнам өкілі Тхи Там Нгуенмен жұдырықтасады.

Әлем чемпионатының қола жүлдегері Карина Ибрагимова 57 келіге дейінгі салмақта колумбиялық Валерия Арболеда Мендосамен шеберлік байқасады.

Әлем біріншілігі «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: kartinkin.net
Өзгелердің жаңалығы