Бокстан ӘЧ: Бүгін Ләззат Күнгейбаева алтын үшін рингке шығады

Бокстан ӘЧ: Бүгін Ләззат Күнгейбаева алтын үшін рингке шығады
562

Үндістанның Нью-Дели қаласында бүгін бокстан әйелдер арасында әлем чемпионаты мәресіне жетеді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Аса ауыр салмақта 2016 жылғы әлем чемпионы, қазақстандық Ләззат Күнгейбаева Марокко өкілі Марди Хадиджамен рингке шығады.

М.Хадиджа – әлем біріншілігінің екі дүркін жүлдегері (2022 жылы – күміс, 2019 жылы – қола), 2022 жылғы Африка жеңімпазы, 2019 жылғы Африка ойындарының чемпионы.

Л.Күнгейбаева мен М.Хадиджа Астана уақытымен сағат 18.30-да басталатын кешкі сессияда ең соңғы жұп болып жұдырықтасады.

Әлем чемпионаты «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Қазақстан қоржынында әзірге 1 күміс, 4 қола медаль бар.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: prosports.kz
Өзгелердің жаңалығы