Қазақстандық боксшы Канадада өткен жекпе-жекте жеңіске жетті

26 Қазан 2019, 12:05
1563
Бөлісу:
Қазақстандық боксшы Канадада өткен жекпе-жекте жеңіске жетті

Алматы, BAQ.KZ. Бүгін Канаданың Квебек қаласында орта салмақтағы қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (9-0, 8 КО) 31 жастағы мексикалық Джонни Навареттемен (33-15-2, 15 КО) қолғап түйістірді, деп жазды Prosports.kz.

Садриддин алғашқы раундтан-ақ қарсыласын ауыр соққыларымен сабай жөнелді. Мексикалық боксшы да міз бақпаған қалпында жекпе-жекті жалғастыра берген. Алғашқы кезеңде Наваретте де былай қарасаңыз бірнеше дөп соққы жұмсап үлгерді. 

Екінші раундта қос қарсылас көбірек аңдысқан. Уақыт өткен сайын басымдықты күшейте берген қазақстандық рингте өзін тым еркін ұстады. Аяқпен, алыс-жақын қашықтықта сауатты жұмыс істеген Садриддиннің жеңісіне еш күмән жоқ еді. 

Ал жетінші раундқа сүйретіле жеткен Наваретте жекпе-жектен бас тартты. Онысы орынды да еді. Ахмедовтың құлаштай сермеген соққылары Джонниді есеңгіреткені анық.

Садриддин Ахмедов осылайша кәсіпқой рингте 10 кездесу өткізіп, соның бәрінде жеңіске қол жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы