Блок-бекеттегі апат: экс-полицияға қатысты сот басталды

7 Қыркүйек 2020, 17:37
1345
Бөлісу:
Блок-бекеттегі апат: экс-полицияға қатысты сот басталды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысында блок-бекетте тұрған екі полиция қызметкерін көлігімен қағып өлтірген бұрынғы полицей Азат Азаматовқа қатысты сот процесі басталды. 

Жәбірленушілер сотқа келген жоқ. Тек мемлекеттік айыптаушы мен Азаматовтың адвокаты болды. Ал, айыпталушының өзін сот процесіне қосу мүмкін болмады. 

Техникалық себептерге байланысты айыпталушыны видеоконференцияға қосу мүмкін болмады. Қазіргі уақытта тергеу изоляторында жалғыз компьютер жұмыс істеп тұр, сол себепті оны видеоконференцияға қосу мүмкін болмады. Сонымен қатар, сот отырысы кеш басталғанына кешірім сұраймын. Егер келесі сот отырысында айыпталушыны видеоконференцуияға қосу мүмкін болмаса, онда оны сот залына әкелу шарасы қолданылады,-деді судья Мәди Көшікбаев.

Келесі сот отырысы 15 қыркүйекке тағайындалған.

Айта кетсек, 25 мамыр күні Қарасай ауданында мас жүргізуші көлігімен блок-бекетте тұрған бетонға соғылып кейін сол жерде тұрған полиция көлігімен соғылысқан. Салдарынан көлікте болған екі полиция қызметкері қаза тауып, тағы бір полиция қызметкері басынан жарақат алған еді.

Өзгелердің жаңалығы