Блок-бекеттегі апат: Мас жүргізушіге үкім шығарылды

20 Қазан 2020, 12:21
1838
Бөлісу:
Блок-бекеттегі апат: Мас жүргізушіге үкім шығарылды

Алматы, BAQ.KZ. Бұрынғы полиция Азат Азаматовты 10 жылға бас бостандығынан айыру үкімі оқылды.

Соттың шешімімен абайсызда екі адамның өмірін қиған сотталушы Азат Азаматов жол ережесін бұзғаны үшін кінәлі деп танылды.

1994 жылы туған Азат Азаматовты кінәлі деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айырып, орташа қауіпсіз колонияда өтесін, - деді сот Мәди Көшікбаев.

Оған қоса сотталушы қаза болған полиция қызметкерлерінің туыстарына материалдық және моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді.

Азаматовтың өзі сотқа қатыспады. Соттың түсіндіруінше, ол үкімді изоляторда видеоконференция арқылы тыңдап отыр.

Ол полиция қызметкері, ережені біле тұра мас күйінде рөлге отырды. Соның кесірінен мен ұлымнан айырылдым. Біздің заң жұмсақ. Өздеріңіз естігендей сот заңнан аса алмайтынын айтты. Оған 10 жыл ғана берді. Біз не айтамыз, оны Құдай жазаласын, - дейді қаза болған Дастан Әбдіқановтың әкесі.

Айта кетсек, 25 миамыр күні Алматы облысы Қарасай ауданындағы блок-бекетке мас жүргізуші келіп соғылған болатын. Алдымен ол бетон қоршауға соғылып, кейін екі қызметкер отырған патруль көлігіне соғылған. Апат салдарынан екі полиция қызметкері де қаза тапты, үшіншісі ауыр жарақатпен ауруханаға түсті.
Кейін мас жүргізуші полицияда жұмыс істеген Азат Азаматов екені белгілі болды.

Өзгелердің жаңалығы