Блинкен санкцияның Қазақстанға әсері мен Украинадағы жағдай туралы айтты

28 Ақпан 2023, 19:31
1667
Бөлісу:
Блинкен санкцияның Қазақстанға әсері мен Украинадағы жағдай туралы айтты

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен  санкция – Ресейдің агрессиялық әрекетіне байланысты екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әлем бойынша ондаған ел Ресейге санкциялар салды. Себебі Ресей Украинаға қарсы соғыста бастады. Ол тек Украинаға қарсы соғыс емес, жалпы халықаралық, БҰҰ-ның аумақтық тұтастық пен егемендікті сақтау қағидаттарына қарсы шығу. Оның ішінде Қазақстан да бар. БҰҰ құрамындағы елдер Ресейдің жасағанына қарсы шықты,- деді АҚШ өкілі.

Энтони Блинкеннің айтуынша, санкция – агрессияны тоқтату үшін жасалған қадам.

Біз Ресей өз әскерін Украинадан шығарып, Украина аумақтық тұтастығын сақтағанын қалаймыз. Қазір бірқатар елмен сөйлесіп жатырмыз. Оның ішінде осы С5 елдері бар. Себебі бұл әрекеттің экономикалық салдары бар. Одан әлем бойынша барлық ел зардап шегуі мүмкін. Оның ішінде Орталық Азия елдері де бар. Біз өз серіктестерімізбен ақпарат алмасып, С5 елдеріне көмек беруге тырысамыз,- деді Энтони Блинкен.

Ол оған біршама уақыт керегін айтты.

Орталық Азия өңіріне барынша көмек көрсетіп жатырмыз. 25 млрд доллар экономикалық тұрақтылық бастамасы аясында бөлінді. Сауда дамыту, экспорт нарығын ашу, жеке секторға инвестиция тарту үшін 50 млн доллар бөлініп отыр. Ресей  агрессиясының әлемге үлкен ықпалы болуы мүмкін,- деді ол.

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді ешқандай қазақстандық компания жанама санкциялардан зардап шекпегенін айтты.

Бүгін Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеудерді мен  АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің келессөздерінің қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз конференциясы өтті.

Өзгелердің жаңалығы