BLACKPINK YouTube-те Гиннес рекордын орнатты

18 Сәуір 2023, 13:30
776
Бөлісу:
BLACKPINK YouTube-те Гиннес рекордын орнатты
Фото: www.upi.com

BLACKPINK YouTube-те 30 миллиард қаралым жинап, Гиннес рекордын орнатты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Ренхап» агенттігінің хабарлауынша, Оңтүстік Кореяның BLACKPINK поп-тобының YouTube арнасы музыкалық топтар арасында бейнехостингте ең көп қаралды. Бұл топқа Гиннестің рекордтар кітабына енуге мүмкіндік берді, - деп жазды Lenta.ru.

10 сәуірдегі жағдай бойынша топ арнасындағы қаралымдардың жалпы саны 30 миллиардтан асты. Осылайша BLACKPINK канадалық әнші Джастин Биберді басып озды. BLACKPINK 21-ші рет Гиннес рекордын орнатып отыр.

Өзгелердің жаңалығы